jasqazaq.kz

Экс-әкім бейітке дейін «басып алған» екен

15 наурыз 2023, 14:51

Өскемен қаласының орталығында бауырластар зираты бар. Азаматтық соғыста қаза тапқан боздақтарды жаппай жерлеген қорым осы күнге дейін жекенің иелігінде болған. Анығы, Шығыс Қазақстан облысын Виктор Храпунов басқарған тұста бауырластар зираты жекенің қолына өтіп, «AutoExclusiveKZ» компаниясы иеленді. Бұл компания В.Храпуновтың қылмыстың ісіне қатысы бар үлестесі саналады.

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп жазды. «Әкімдік қалалық прокуратурамен бірлесіп, қалада компанияға тиесілі учаскелерді алу жөнінде шаралар қабылдады. Билік пен бизнес өкілдерінің жерді иемдену туралы ашық келісімі бар. Бұл учаскеде Ертіс пен амфитеатр орналасқан. Аудандағы Славский мен Пермитин көшелері арасындағы көпірдің астынан жол салу жоспарланды».

Шығысты «жусатып-өргізген» уағында экс-әкім В.Храпунов Шығыстағы ескі атшабардың (ипподром) маңынан да өзіне екі жер учаскесін меншігіне жазып алған. Шенеунік шағында Алматының да шұрайлы жерінен рәсімдеп алғаны да бірталай шуға ұласты. 2007 жылы отбасымен швейцарияға көшіп кеткен шендіні 2018 жылы қазақстан соты 17 жылға сырттай соттаған болатын.

Экс-әкімнің меншігінде болған жерлер мемлекетке қайтарылып жатыр Алдағы уақытта ол орынға жалға берілетін көп қабатты тұрғын үйлері салынатынын жеткізді қала басшысы.

JQ-Aqparat

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка