jasqazaq.kz

Екінші отырыстың қорытындысы

21 мамыр 2016, 15:15

komissiya-sagintaev

Жер реформасы бойынша комиссияның екiншi отырысын қорытындылаған комиссия төрағасы, ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаев барлық ұсыныс-пiкiрлердiң жүйеленетiнiн айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

Комиссияның бүгінгі екінші отырысын қорытындылай келе, ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев жиында айтылған барлық ұсыныс-пікірлердің жүйеленіп, жұмыс топтарында талқыланатынын айтты.
«Бүгiн 38 комиссия мүшесi өз ұсынысын айтып, пiкiрiн ортаға салды. Бiрiншi, жердi сатпауға қатысты ой-пiкiрлер болды. Сонымен бiрге, егер жер сатылатын болса, бұл қалай жүзеге асады? Осы төңiректе комиссия мүшелерi ұсыныстар айтты. Штаб, хатшылық бұл ұсыныстардың барлығын жүйелейдi. Содан кейiн жұмыс топтарында олар талқыланатын болады. Әрине, шешiм бiрден қабылданбайды. Бiз өңiрлерге шығып, халықтың пiкiрiн тыңдап, содан кейiн ғана ұсыныстар әзiрлеймiз», — дедi Б.Сағынтаев.
Жалпы бүгінгі отырыста негізінен үш мәселеге қатысты ұсыныстар түсті. Біріншісі – жерді қазақстандықтарға сатуға және сатпауға, екіншісі – жалға беру немесе бермеуге қатысты. Үшіншісі – жерді қазақстандықтарға 10 гектарға дейін тегін беру туралы. Бұл ұсыныстардың бәрі бүгінгі жиынның хаттамасына тіркелді.
Айта кетсек, Жер реформасы жөніндегі комиссияның екiншi отырысында Қазақстан азаматтарына ауыл шаруашылығы жерлерiн жеке меншiкке сату немесе беру мәселесi қарастырылды. Жалпы Комиссияның екінші отырысына тұрақты 75 мүшенің 67-і қатысты.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты