jasqazaq.kz

Екібастұзда тоқ соққан ерлі-зайыптылар көз жұмды

16 ақпан 2023, 15:23

Қайғылы оқиғаның алдын ала себебі белгілі, деп хабарлайды JQ-Aqparat Pavlodarnews агенттігіне сілтеме жасап.

— 13 ақпанда «112» желісіне жылу радиаторларының зақымдануынан тұрғын үйді су басып жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында жеке тұрғын үйден 1959 жылы туған ер адам мен 1965 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Денелерінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, — деп мәлімдеді Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тексеру кезінде мамандар үйдің қонақ бөлмесінде еденде жалаңаш сымдары бар электр жылытқышты байқаған.

— Сот-медициналық сарапшыларының алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімге техникалық электр тогының соғуы себеп болған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — деп қосты полицейлер.

«Павлодарэнерго» АҚ мәліметінше, апат жеке үйішілік желілерде болған.

31 қаңтарда «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не үй иесінен ілмекті арматураларды ауыстыру үшін жылу желісін өшіру туралы өтініш түскен.

Жылу маусымы кезінде желілер тек жылу қызметкерлерінің бақылауымен және өтініш берушіде қажетті материалдар дайын болған кезде ғана өшірілетіндіктен келесі күні мамандар аталған мекенжайға келген.

— Алайда, орнатуға жоспарланған арматура талап етілетін стандарттарға сәйкес келмегендіктен, қоңырау шалған күні жылуды өшіру жүргізілген жоқ. Мамандар жөндеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтарды дайындау бойынша ұсыныстар берді. Ерлі-зайыптылардан қайтадан өтініштер болған жоқ, осыған байланысты жылу желілерінің мамандары бұл мекенжайға қайта бармаған, — деді «Павлодарэнерго» АҚ.

Энергетикалық компания жеке тұрғын үйлердің ішкі желілерін жөндеу жұмыстары Екібастұз жылу желілері кәсіпорнының жауапкершілігіне жатпайтынын атап өтті.

Сондай-ақ мұнда марқұмдар табылған күні тұрғын үй инспекциясы мен полицейлердің өтініші бойынша осы мекенжайға үйдегі суды сору үшін су сорғызу көлігі жіберілгені хабарланды.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка