jasqazaq.kz

Екібастұзда әйелі күйеуін көрші келіншекпен ұстап алып, арты қанды қылмысқа ұласты

13 қантар, 8:56

Сурет: Видеодан кадр

Қанды оқиға Екібастұз қаласында болған. Алдын ала деректерге сүйенсек, әйел адам күйеуін көрші келіншекпен көңіл қосқан сәтінде ұстап алып, кикілжің қанды қылмысқа ұласыпты, деп хабарлайды jasqazaq.kz КТК-ға сілтеме жасап.

Қызғаныштан туған жанжал кезінде әйелі күйеуіне пышақ сұғып, оны сол жерде мерт қылады. Ал мұны көрген көңілдес әйелдің зәресі ұшып, сыртқа қарай қашқан. Оқиғаның жалғасы көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына жазылып қалыпты. Онда көрші әйелдің төмен қашып бара жатқанда құлағаны байқалады. Ал көзіне қан толған күдікті әйел оны қуып жетіп, бірнеше рет пышақтап, басын еденге қатты ұрған. Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті әйел де, қылмыс құрбандары да сол сәтте мас болған. Қазір күдікті оқиға орнында ұсталып, қамауға алынды.

Болат Нұрсейітов, Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары: — Сонымен қатар тағы бір әйел пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Күдікті «ізін суытпай» ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КТК телеарнасы (@ktktvkz)

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді