jasqazaq.kz

Екі рет тексерсе де, туберкулезді таба алмады

02 ақпан 2017, 17:32

Екібастұз қаласының тұрғыны, 85 жастағы зейнеткер, еңбек ардагері Лидия Полякова дәрігерлердің салғырттығынан туберкулез дертіне қарсы ем қабылдамай жүрген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ардагердің немересі Лидия Зеленецкаяның айтуынша, 2016 жылдың 6-қарашасында зейнеткер инсульт алып, Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылған. — 8-қараша күні әжемді көрші мекемедегі рентгенге алып барды. Сол мекемеде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Жылу энергиясы да берілмеген. Рентгеннен кейін әжем үш сағат бойы көлікті күтіп, қатты тонып қалған. Артынша жөтел басталып, дене қызуы көтерілді. 22-қараша күні Лидия Полякованы жоғары температурамен үйге жіберген, бірақ құжатта бұл туралы көрсетілмеген. 14-қаңтар күні зейнеткер әжем қатты сырқаттанып, ауруханаға жеткізуге мәжбүр болдық. Екінші рет рентген жасаған дәрігерлер «бронхит» диагнозын қойып, бізді үйге қайтарып жіберді. 24-қаңтар күні әжем қайта сырқаттанып, учаскелік дәрігер келіп тексерді. 25-қаңтар күні ауруханаға жатқызып, келесі күні туберкулез дерті анықталды. Біздің ақ халаттылар екі рентген қорытындысы бойынша туберкулездің белгілерін анықтай алмаған, әлі сене алар емеспін, — деп налиды Лидия Зеленецкая. Сондай-ақ Лидия Зеленецкая кеше Екібастұз қалалық аурухананың бас дәрігерімен сөйлескенін айтты. — Бас дәрігер учаскелік жас дәрігерге қатаң сөгіс жариялағанны айтты. Не себепті? Жас қыз қолынан келгенше көмек беріп, күн сайын хабарласып, әжемді тексеретін. Оның еш кінәсі жоқ. Жауапсыз қалып отырған тәжірибелі дәрігерлер ғой, — деп түсіндірді ардагердің немересі. Айта кетейік, Лидия Полякова бүгінде Павлодар қаласында ем қабылдауда.

 

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты