jasqazaq.kz

Екі адам тірідей жанып кетті (Видео)

31 қантар 2023, 10:56

Алматы облысында жол апатынан екі адам мерт болды. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаменті хабарлады.

30 қаңтарда Алматы мен Қонаев қалаларының ортасындағы тасжолда жол апаты болды. Mercedes-Benz автокөлігін тізгіндеген жүргізуші аса жоғары жылдамдықпен келе жатып Ford автокөлігіне соғысқан.

Ford автокөлігі жолдың сыртына шығып кетіп, ізінше көліктен өрт те шыққан. Жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза болды. Ал Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісіне көмек беріліп жатыр.

Алматы облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Мейрам Әбікеев тұрғындарға жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмауды ескертті.

Қазір қажетті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша Қонаев полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді