jasqazaq.kz

ЕҚЫҰ «Масс медиа туралы» заң жобасынан хабардар болды

27 ақпан 2023, 23:39

 

 

Отандық ақпарат кеңістігінің дамуына тың серпін беретін жаңа “Масс-Медиа туралы заң” жобасы төңірегінде кейде сыңаржақ пікір айтылып, бір қайнауы кем тұжырым жасалып жатыр. Тіпті, көпе-көрнеу бұрмалауға бой ұрып, құжаттың мән-маңызын төмендеткісі келетіндер бар. Мұны кәсіби журналистиканың қыр-сырын жетік біле бермейтін үкіметтік емес ұйымдар мен медиасарапшылардың заң жобасына берген бағасынан байқап жүрміз. Олар әдетте шетелдік тәжірибені алға тартады.
Бұл жерде халықаралық ұйымдардың құжаттың мазмұны мен ерекшелігінен толық хабардар болып, соның негізінде ұстанымын айқындауы үлкен мәнге ие. Осыған орай, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Астана Бағдарламалар Кеңсесінің басшысы Фолткер Фробартпен кездесті. Жүздесуде елімізде қазір талқыланып жатқан “Масс-Медиа туралы заң” жобасы бойынша пікір алмасып, ондағы кейбір нормалар пысықталды. Заң жобасы, әсіресе, кәсіби журналистердің мәртебесін көтеруге бағытталғаны баса айтылды.
ЕҚЫҰ өкілдерімен кездесуде, сондай-ақ, онлайн-платформалар мен интернет-жарнаманың қызметін реттеуге арналған жеке заң қабылданатыны, ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі заңнамаға түзетулер енгізілетіні әңгімеге өзек болды.
Дархан Қыдырәлі министрліктің ЕҚЫҰ Астана Бағдарламалар Кеңсесімен тығыз қарым-қатынас орнатып, бірқатар іс-шараны бірлесе өткізіп жатқанын атап өтті.
JQ-Ақпарат

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде