jasqazaq.kz

ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуы тиіс

02 ақпан 2023, 16:40


Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуы тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады. Премьер-Министр Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесуде осылай деді.

Тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою, бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарды іске асыруға ғылыми негізді күшейту, сондай-ақ Сауда және техникалық реттеу блоктары жөніндегі комиссия жұмысының мәселелерін талқылады.

Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуы тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады.

«Барлық шешімдер экономикалық прагматизмге негізделуі керек», — деді Премьер-Министр.
Өз кезегінде Михаил Мясникович Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштері ЕАЭО елдерімен өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы 2-3 ақпанда Алматыда өтеді. Оған Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей үкімет басшылары, сондай-ақ Өзбекстан Премьер-Министрі ЕАЭО жанындағы байқаушы мемлекет өкілі ретінде қатысады. Іс-шараның күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық, техникалық реттеу, теміржол және мультимодальдық жүк тасымалы, энергетика және өзге де мәселелерді қамтиды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде