jasqazaq.kz

Еңбегінің жемісін көрген жан

15 желтоқсан 2016, 18:38

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай еліміздегі әр мекеме, әр кәсіпорын, тіпті әр азамат «Осы уақыт аралығында Қазақстанның өсіп өркендеуі үшін қандай үлес қостым?», – деген сауалға жауап іздейді. Ширек ғасыр уақыт ішінде еліміз дамыған өркениетті мемлекеттермен терезесі тең дәрежеге жетті. Әрине, ынтымағы жарасқан, экономикасы дамыған еліміздің осындай биік деңгейге көтерілуіне отандастарымыздың сіңірген еңбегі орасан. Сөзіме дәлел ретінде, сонау тәуелсіздік жылдарының бастапқы кезінен «ҚазТрансОйл» АҚ-да қызмет етіп келе жатқан маңғыстаулық Рәзия Сақтағанованы айтқым келеді.

Ол 1994 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ-на химиялық сараптама жасайтын зертханаға жұмысқа тұрған. Сол жерде 6 жыл тер төгіп, 2000 жылы компанияның Маңғыстау мұнай құбыры басқармасына қарасты «Өзен» бас мұнай айдайтын стансасында қыздыру пунктінің технологиялық қондырғылар операторы қызметіне ауыстырылады. Халық жазушысы Мұхтар Әуезов «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», – деп тура анықтама берген. Рәзия Етбайқызы жұмысы қаншалықты ауыр болса да, бір қолымен бесік тербетіп 4 баласын өсірсе, екінші қолымен жер асты байлығы «қара алтынның» құбыр арқылы бір стансадан екінші стансаға жетуін қадағалайды. Әріптесі Жақсылық Вагизовтың айтуынша, Р.Сақтағанова өз ісіне өте тиянақты, уәдесіне берік адам. «Ол мұнай қыздыру пешінде жұмыс жасайды. Өзен-Жетібай-Ақтау, Өзен-Атырау-Самара бағытында жүргізілген құбыр арқылы мұнай жіберіледі және біздің міндет – бірқалыпты температураны ұстап, мұнайдың қатып қалмауын қадағалау. Сондай-ақ «Сай Өтес» стансасына жеткізу. Ол шамамен 120-130 шақырым. Қызметкерлерімізді апаттық жағдайдың алдын алу бойынша ай сайын жаттығудан өткізіп тұрамыз. Рәзия Етбайқызы оған аса бір жауапкершілікпен қатысады», – деп мінездеме берді Ж.Вагизов. Мұнай «Жетібай» кен орнынан тартылады. Тиісті деңгейге дейін қыздырған соң, келесі стансаға жолдайды. Осылайша Самараға дейін жалғаса береді. Рәзия Етбайқызына хабарласып жұмысы туралы сұрағанымызда, бірден ағынан жарылды. Ол «Ең бастысы, жалақы уақытылы төленеді. Компания еңбек қауіпсіздігін сақтау аясында арнайы киіммен, бұған қоса, мені және отбасымды әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз етіп келеді. Жұмысқа уақтылы келеміз, уақытылы кетеміз. Талап сондай. Қауіпсіздік мәселесі бірінші кезекке қойылған», – деді. Сөз соңында Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, елімізге ынтымақ, бірлік тілеп, ыстық лебізін білдірді.

Зарина Ахметқызы

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық