jasqazaq.kz

Досын өлтірді деген күдіктіні алқа билер ақтады

28 наурыз 2023, 17:21


Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық сотында досын өлтіріп, оның ақшасын ұрлады деп айыпталған жасөспірім ақталды. Қалалық соттың мәліметі бойынша Р есімді азамат С есімді досын аяқ киімінің бауымен буындырып өлтіріп, банк картасын ұрлап кетті деп айыпталған. Сотта прокурор мен жәбірленуші тарап айыптау үкімін қолдайтынын, күдіктіні 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Айыптаушы тарап айғақ ретінде қамауға алынғаннан кейін сотталушының кінәсін мойындаған сөзін, қылмыс құралы – сотталушының ДНҚ ізі табылған жәбірленушінің аяқ киімінен шілтер, жәбірленушінің төлем картасындағы сотталушының сатып алған заттары туралы мәліметтер және басқа да құжаттарды көлденең тартты. Сотталушы өз кінәсін толық мойындамай, кісі өлтіру кезінде жәбірленушінің қоғамдық орында болғанын, оны әртүрлі адамдар көрген деген нұсқаны айтты.Сотта өзге куәгерлер сотталушының олармен бірге ойын алаңында болғанын растады. Жәбірленушінің сотталушыға банк картасын одан бұрын тапсырғанын да анықтады.Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы Р. өз кінәсін мойындаудан бас тартып, тексеруде бұл факті бойынша оған физикалық қысым жасалғанын жеткізді.

«Алқабилер жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша Р-ны кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін кінәлі емес деп танып, қылмыс жасауға қатысқаны туралы айғақтардың жоқтығы үшін ақтады. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата