
Ауыр атлетикадан 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовтың Бейжің Олимпиадасындағ сынамасынан станозолол табылған. Бұл туралы informburo.kz сайты мәлімдеді.
Седовтың тек А сынамасы тексерілген. Енді В сынамасынан табылса онда оның Бейжің Олимпиадасындағы нәтижесі жойылады. Ол Қытайда 85 келіде 4-орын алған.
Седов Талдықорғандағы Қазақстан чемпионатында үстіне ресейлік спортшы Ивановтың суреті бейнеленген футболка киіп шыққан.+
Алғашқы мүмкіндігін орындауға шыққан Седов «Міне, сіздерге нағыз Олимпиада чемпионы!»-деп үстіндегі жейдедегі Ивановтың суретті көрсетті де кейін жейдесін көрермендер жаққа лақтырды. Осыдан кейін ол зілтемірге жақындамай, сыртқа шығып кетті. Осылайша, Седов жарысқа қатысудан бас тартты.
Кейін ол бірнеше рет «спорттық карьерама кедергі келтірді» деп Илья Ильин мен Алексей Ниді айыптаған еді.