jasqazaq.kz

Доллар жасағандар рақымшылық сұрайды

16 ақпан 2017, 18:20

Осыдан біраз уақыт бұрын Шымкентте алаяқтығы үшін сотталған нигериялық «сиқыршылар» жазаларын жеңілдетуді сұрап отыр . Африкадан келген Обаху Жозефату мен Нвоке Екендиричуку Оңтүстік Қазақстан облысының апелляциялық сотына осындай өтініш түсірген.

Otyrar.kz сайтының хабарлауынша өтініш ағылшын тілінде жазылғандықтан қазіргі таңда оның мәтінін аудару процесі жүріп жатыр екен. Қолда бар мәліметке сәйкес, Нигерияның ресми билігі өз азаматтарына алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның заң органдарына ешқандай өтініш жасамаған.

Естеріңізге салайық, биыл қаңтар айында әл-Фараби аудандық соты Обаху Жозефату мен Нвоке Екендиричукуды аса ірі көлемде алаяқтықпен айналысты деп айыптап, 5 жылға бас бостандықтарынан айырған еді. Олар жергілікті тұрғындарға мол байлық уәде етіп, ақшаларын қолды етіп отырған.

Нигериялық қос азамат ОҚО-ға келіп, жергілікті тұрғындарға үлкен бизнеспен айналысуды ұсынған. Олар өз басшыларының Африка түрмесінде жазасын өтеп жатқанын, оның миллиондаған ақшасын заңдастыру керектігін айтып, азаматтарға қолдан доллар жасау сиқырын көрсетіп алдап соққан.

Сотталған африкалықтар рақымшылыққа ілініп, олардың 5 жылдық мерзімі 3 жыл 9 айға қысқарғанын да айта кету керек.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық