jasqazaq.kz

Доллар арзандағанда тамақ неге қымбаттайды?

22 ақпан 2017, 23:14

Доллар біраз арзандағанмен, азық-түліктің құны керісінше көтеріліп бара жатыр. Дүкенде тауар мен дәрі-дәрмектің бағасының шарықтап кеткені депутаттарға енді жеткендей. Бүгін Үкімет пен Бас прокуратураның атына сауал жолдаған мәжілісмен Тұрғын Сыздықов 24 тауар түрінің екі есеге қымбаттағанын айтты…

31.kz хабарлағандай, күн сайын доллар төмендегеніне қарамастан, азық-түлік пен тұрмыстық тауар бағасы аспандамаса арзандаған жоқ. Дәрі-дәрмектің де екі-үш есеге қымбаттауы қарапайым халықтың қалтасын қағып отыр. Бүгін парламент қабырғасында депутаттық сауал жолдаған Тұрғын Сыздықов халыққа ең қажетті қант, жұмыртқа, картоп сияқты азықтардың екі-үш есе өскенін айтты. Бағасы бір келі етпен бірдей болған қызанақ пен қиярдың да әзірге арзандайтын түрі жоқ. Ал жолдың жабықтығын сылтауратып сатушылар еттің бір келісін 2 мың теңгеге саудалап жатқаны да айтылды. Ал бағаны реттейміз деп жергілікті биліктің жасаған меморандумдарынан да түк пайда жоқ деді депутат. Және қымбатшылықты жасап отырған делдалдардың көзін құрту жолдарын ұсынды…

— Жергілікті билікке әлеуметтік дүкендердегі, сауда бөлімдеріндегі, коммуналдық нарықтағы бағаны реттеуді, тауардың сапасы мен санын тексеруді міндеттеу керек. Отандық өнімдерді базардағы сауда орындарына тікелей жеткізу мәселесін қарастыру қажет.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық