
Дмитрий Баландин суға жүзуден елімізден шыққан алғашқы Олимпиада чемпионы. Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында ерлер арасында 200 метр қашықтыққа жүзуден 2:07,46 көрсеткішімен мәреге жетіп, алтын медаль еншіледі. Қоржынымызға екінші алтынды салған спортшымен сұхбаттасудың сәті түсті
Дмитрий Олимпиада чемпионы болғаннан кейінгі көңіл күйіңіз қалай? Қандай әсерде болдыңыз?
Дмитрий Баландин: Бастапқыда қуаныштың, мақтаныштың сезімі болды. Оны сөзбен айтып түсіндіре алмаймын. Қазір шаршағанымды сезіп тұрмын. Күтпеген жағдай болды. Өмір болған соң таңғажайып сәттердің болатыны анық. Дегенмен чемпион болуды армандамайтын спортшы жоқ.
Жеңісіңізді кімге арнайсыз?
Дмитрий Баландин: Жеңісімді барлығына арнаймын. Маған жанкүйер болып, қолдау көрсеткен баршаңызға рахмет айтамын. Әрине, ең бастысы, жеңсең де, жеңілсең де қолау көрсететін ол отбасың. Маған қолдау көрсеткен отбасыма да алғысым шексіз.

Олимпиадаға өту үшін қандай сындардан өттіңіз?Дйындық қалай болды?
Дмитрий Баландин: Азия ойындарда көрсеткен көрсеткішім жолдама алуыма мүмкіндік берді. Сол нәтижем мені Әлем чемпионатына қатысуыма септігін тигізді. Жыл бойы тер төгіп еңбектенгенімнің жемісі деп білемін. Бір жылдай уйде болмай сыртта дайындалдым. Уақытымның көп бөлігін жаттығуға арнадым. Еңбегімнің нәтижелі болғанына қуаныштымын. Көбінесе Белоруссияда, Словенияда жаттықтым. Ол жақта жаттығуға қолайлы жағдайдың барлығы жасалған.
Жартылай финалда жақсы нәтиже көрсеткен спортшылар, финалдық бәсекеде төмен нәтиже көрсетті. Оның себебі неде?
Дмитрий Баландин: Шын мәнінде, жақсы нәтижені жартылай финалда көрсетеді. Ал финалда қарсыласыңнан озуды ойлап тұрасың. Бірақ кейбір спортшылар финалда қателік жіберіп жатады. Осы кезде менің жолым болды.
https://www.youtube.com/watch?v=wokbgUq81sI
Сұхбаттасқан Әлихан Нұрханұлы
Риодан Арнайы «Жас қазақ» үшін