jasqazaq.kz

Димаштың байқаудағы қарсыластары кімдер?

04 ақпан 2017, 20:39

Димаш Құдайбергеннің продюсері Алпамыс Шаримов жас әншінің «Мен әншімін» байқауындағы қарсыластары туралы инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды tilshi.kz.

Сэнди Лэм (51 жас. Гонконг) — 1984 жылдан бері шығармашылықпен айналысып келе жатқан Сэнди қытай, путунxуа, ағылшын, жапон тілдерінде ән шырқайды. «Азиялық ең үздік альбом», «Гонконгтың ең танымал әншісі» және т.б марапаттар иегері. 37 альбомның авторы. Қытайлық көптеген сериал және кино актрисасы.

Тан Цзин (40 жас. Қытай) — қытайдың танымал әншісі. Қытайда «Тепе-теңділік дауысы» иегері атанған Тан Цзин негізінде әскери әнші. Бейжіңде өткен 2008 жылғы xалықаралық олимпиадада SKY әнін шырқады. Австрияның Вена қаласында жеке концертін беріп, Европа көрермендерінің қошеметіне бөленген. Атақты «Ұлы Қытай қақпасына» алғаш жеке ән кешін берген әнші. Шет елдік Роберт Уэллс, Гленн Хьюз, Уинн Эванс, Блэйк сынды атышулы жұлдыздарымен бірге өнер көрсеткен. Атақты актер Джеки Чанның ең жақын досы және онымен бірге дуэт айтқан бірінші әнші болып табылады. 2012 жылы УЕФА қауымдастығына пресс секретарь қызметін атқарады.

«LION» тобы (Тайвань) — Атақшы әнші Джам Хсиаоның бастауымен құрылған тайвандық рок тобы. Хсиао өте танымал. Гонконг жұлдыздар марапатында «Ең үздік әнші»(2012), Golden Melody Awards «Ең үздік әнші»(2013) MTV awards «Ең үздік әнші»(2008) және т.б. «Ешқан адам өлтірмейтін қарақшы» (2011 ж. Басты рөл Оуян); «Фатед сені сүйеді» (2008); «Кішкентай Маxаббат» (2009); «Тек қана ән мен би» (2013); «Менің Geeky Nerdy досым» (2014) т.б кино картиналарда ойнады. 2007 жылы, 2008 жылы Қытайдағы «Ең танымал адам» атағының иегері.

Чжан Цзе (35 жас. Қытай) — қытайлық поп әнші және актер. Mnet Asian Awards «Ең үздік Азия әншісі» (2007); Дәстүрлі алтын диаграмма иегері (2011); АМА «Ең үздік шет ел әншісі»(2014). «Химиялық реакция» (2006), «Қытайлық IDOL»(2009) филімдерінде басты рөлді сомдады.

Чжао Ли (31 жас. Қытай) — қытайлық әнші және актер. Дәстүрлі «Music Awards» «Top ten music альбом» иегері. «Біздің уақыт» ұлттық концерттік турға шыққан. «Өсу мүмкін емес» (2016) альбомы көптеген марапатқа ие болды.

Тереза Карпио (61 жас. Канада) — 1975 жылдан бері қарай Гонконг қаласында өзінің телеарнасы бар. Терезаның аты Жапония, Сингапур, Малайзия, Таити, Австралия, Тайланд, Бруней, АҚШ және Канада елдеріне кеңінен танымал. Тереза көптеген атақты әншілердің ұстазы. Өзімен бірге ең алғашқы шәкірті Сэнди Лэм «I am Singer» жобасына қарсылас ретінде қатысып жатыр.

Майкл Вонг (46 жаста Малайзия) — Малайзияның ең танымал әншісі. Көптеген мемлекеттік марапаттар иегері. Қытай мен Малайзия мәдениет қарым-қатынасының ресми өкілі болып табылады. Азиялық музыка жүлделерінің иегері.

Тиа Рэй (32 жас. Қытай) — 2004 жылы Жапонияда кәсіби білім алған. Дэвид Бекxаммен бірге 2013 жылы Ұлыбританияда Warner өкілі ретінде қатысып, өнер көрсеткен. 11 жеке альбомы жарыққа шыққан. Альбомдарының көбісі Жапония және Қытай елдеріндегі музыкалық байқаулардың ең үздік марапаттарына ие болған.

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты