
Қытайда өтіп жатқан «Мен әншімін» (I Am a Singer) конкурсының үшінші кезеңі тартысты өтті. Бұл турда қазақ әншісі, жас талант Димаш Құдайберген үшінші орыннан көрінді. Ал, бірінші орынды қытайлық әнші, Тан Жиң (谭晶, Tan Jing) жеңіп алды.
Тан Жиң – Қытайдың Мемлекеттік бірінші дәрежелі әншісі. Ол 1977 жылы 11 қыркүйек күні Шанши (山西) провинциясының Хоума (侯马) қаласында дүниеге келген. Негізі, Шанши Қытайдың солтүстік өңірі саналады. Ол кезіндегі Түрклер мекенденген аймақ. Тан Жиңның Ұлты – ханзу. Алайда, осы өңірдегі тұрғындардың көбі кешегі дала көшпенділерімен тығыз араласқан. Қазір «қытай» аталған халықтың біразы тарихтағы көшпенді түрктердің жұрнағы деп айтылып жүр.
https://www.youtube.com/watch?v=Y11QnyUStKI