jasqazaq.kz

Димаш финалға шықты (видео)

17 наурыз 2017, 10:57

Димаш Құдайберген I am a Singer жобасының 10-кезеңде үшінші орын иеленіп, ақтық кезеңге жолдама алды. Бұл туралы Димаштың қытайлық жанкүйерлері жарыса жазуда.

Димаш бұл кезеңде өз репертуарындағы «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілінде орындаған. Естеріңізге салсақ, «Ұмытылмас күн» әнінің авторы Димаштың өзі болып табылады.

Димаш жобаның келесі турына қатыспай, бірден финалда өнер көрсетеді.

Димаштың осы күнге дейін жинаған ұпайы оған осындай мүмкіндік беріп отыр. Айтпақшы Димаш бұл жолы үшінші болып өнер көрсеткен.

NUR.KZ сайты хабарлағандай, бас-аяғы 14 кезеңнен тұратын жобаның 10 кезеңі артта қалды. Оның үшеуінде Димаш бірінші орыннан көрініп, қарсыластарымен қатар келе жатыр.

Еске сала кетейік, өткен 9-кезеңде Димаш әлемге әйгілі канадалық әнші Селин Дионның All by myself әнін орындап, екінші орын алған. Ал 10-кезең эфирге 25 наурыз күні шығады.

Ал әзірге назарларыңызға Димашқа ақтық кезеңге жолдама алып берген «Ұмытылмас күн» әнін ұсынамыз!

Бүгін, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты