jasqazaq.kz

Димаш Құдайберген: Қандай орын алсам да өзімді жеңімпаз санаймын (видео)

14 сәуiр 2017, 23:19

Димаш Құдайберген BGTalent (黑金经纪) продюсерлік компаниясының негізін қалаушы Шаң Венжемен бірге Хунань телеарнасының «Singer 2017» ән байқауының финалына арналған шараның қызыл кілемінен жүріп өтті.

Арнайы тақтаға қолтаңбасын қалдырғаннан кейін, жүргізушінің финалға дайындығы туралы сұрағанда, «Ассалаумағалейкүм! Баршаларыңызға үлкен рахмет. Осы орайда сіздерге тек алғыс білдіре отырып, сахналық әріптесім өзін мойындата білген әнші екенін жеткізгім келеді. Менімен сахнаны бөлісіп, қолдап, қолұшын бергендеріңіз үшін үлкен рахмет айтқым келеді», — деді Димаш. NTES News тілшісінің «байқаудан қандай орын алуды қалайсың» деген сұрағына: «Менің ойымша, қандай да нәтиже болмасын, мен қазірдің өзінде жеңімпазбын. Өйткені мені қолдап, әрқашанда демеп жүретін сіздер барсыздар. Сіздер барда мен әрқашан жеңімпазбын», — деп жауап берді Димаш. Шаң Венже тілшілерге өзінің осы сахнада қаншама өнер көрсетсе де тап қазіргі сәтте қобалжып тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, ақтық бәсекеде жақсы нәтиже алатынына сенімді екенін айтты. Еске сала кетейік, «Singer 2017» байқауының ақтық бәсекесін 15 сәуір күні Астана уақытымен 20:00 (жергілікті уақыт 22:00) де тікелей эфирде көрсетеді. ҚазАқпарат хабарлағандай, шешуші бәсекеде Димаш Шаң Венжемен бірге Майкл Джексонның «Earth song» және «Dangerous» әндерін шырқайды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде