jasqazaq.kz

Димаш алтыншы кезеңде бірінші орын алды

16 ақпан 2017, 11:19

Қытайдағы танымал тележоба «Мен әншімін» байқауына қатысып жатқан отандасымыз байқаудың алтыншы кезеңінде тағы да бірінші орынды алды.

baq.kz хабарлағандай, Димаш қатысып жатқан ән байқауының алтыншы кезеңін саралау кеше өткен. Ол Adagio әнін пианинода орындап, тік тұрып құрмет көрсеткен көрерменді таңдай қақтырып, тағы да талассыз бірінші орынды алды. Байқаудың аталған саны келесі аптаның сенбі күні өз уақытында Hunan телеарнасынан көрсетіледі. Бір қызығы аталған ән Димашты кездесуге шақырған Лара Фабианның орындауында танылған.

Айта кететін болсақ, Димаш аталған байқаудың алғашқы екі кезеңінде де біріншілікті алып, миллиардтар елінде феноменге айналып үлгерді. сайыстың бірінші күнінде қазылар алқасы тарапынан ең жоғарғы ұпай жинап, жеңімпаз атанды. 10 қаңтар күні Димаш Қытай көрерменінің алдына алғаш рет шыққан соң, жас әнші туралы Қытай баспасөзі жаза бастаған. Тіпті кейбір басылым оны «Димаш – Тәңір өзі назарына алған жас әнші» деп бағалаған еді.

Естеріңізге салсақ, Димаш 1, 2 кезеңде бірінші орын, 3, 4 кезеңде үшінші орын, 5 кезеңде 5 орын алған болатын. Еске салайық, Димаш Құдайбергенов Витебскте өткен «Славян базары-2015» халықаралық байқауында жеңімпаз атанған еді. Ол, сонымен қатар, «Шығыс базары» және «Мейкин Азия» байқауларының Гран-при иегері.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық