
Шымкенттік дін қызметкері Димаш Құдайбергенге азан шақыру туралы ұсыныс айтты. Оңтүстік Қазақстан облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Нұржан Тұрсынбай мемлекеттік қызметкерлерге дін тақырыбында лекция оқыды. Діни сауаттылықты арттыруға арналған сабақтан соң қатысушылар тарапы лекторға сұрақ қойды.
Nur.kz хабарлағандай, ән айтушыларға қатысты сауалға жауап берген орталық директоры өз сөзінде қазақтың намысын асқақтатып жүрген жас әнші Димаш Құдайбергеновке қатысты мәсілдеме жасады.
«Өздеріңіз білесіздер, Димаш бауырымыз қазір бүкіл әлемге танылып, керемет дауысымен жұртшылықты тән етіп отыраған қазақтың баласы. Оның дауысының ырғағы азаншыға келеді. Сол себептен ол Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде азан шақырса, соны біз тыңдасақ деген ой бар. Бұл ұсынысымды әлі әншінің өзіне айта қойғаным жоқ. Сәті түсіп өзімен не ата-анасымен жолықсам, бұл ұсынысымды айтар едім», — деді діни қызметкер.