jasqazaq.kz

Димаш 2-орынды жеңіп алды (видео)

15 сәуiр 2017, 22:43

Димаш Құдайберген Қытайдың Чанша қаласында өткен I am a Singer байқауының финалында 2-орынды жеңіп алды, — деп мәлімдеді әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов.

Қазақстандық әнші бұл жолы әйгілі Майкл Джексонның әнін орындады. Бірінші орынды Гонконг әншісі Sandy Lam алды.

Айта кетейік, осыған дейін әншінің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримовтың финал алдында берген сұхбаты жарияланған болатын. «Димаш әрбір сахнаға шыққанда әннің құрылымын өзі ойлап табады. Әрбір әнде өзінің айтатын ойы болады. Бүгінгі өнерінде де солай. Бұл орындайтын нөмірін қарағанда халық Димаштың айтатын ойын түсініп қараса екен дейміз. Әнді жай ғана қарамай, қиялмен қарасын. Себебі бұл жай ғана орындалатын ән емес, Димаш осы арқылы халыққа, адамзатқа ойын айтқысы келеді. Ал нендей ой айтатынын біз құпия қалдырайық…»- деген еді Алпамыс Шаримов сұхбатында. Еске сала кетейік, Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын. Бұл кезеңде қазақстандық әнші «Ұмытылмас күн» әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған. Сондай-ақ, Димаш Құдайбергеннің Астанада Лара Фабианмен бірге ән салатыны хабарланған болатын. «Димаш Құдайберген шақырады» концерті «Астана Арена» сахнасында 27 маусымда өтетіні айтылған еді.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық