
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін шаршы алаңға шыққан 81 келідегі Әділбек Ниязымбетов финалда кубалық боксшыға жол беріп, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.