jasqazaq.kz

Депутаттыққа ұмтылу – қоғамға іріткі салу емес

26 қантар 2023, 12:43

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат отырысында: «Демократия – ең алдымен, бұл сөзің мен ісіңе жауапкершілікпен қарау. Бәріміз бір шаңырақ астында өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан әрбір азамат, кез келген қоғам қайраткері, барша саяси күш ел болашағы үшін өзінің тікелей жауапкершілігін сезінуі қажет», — деді.

Мемлекет басшысы бұлай деп тегін айтып отырған жоқ. Кез келген сайлау науқанында іштегі, сырттағы түрлі күштердің жанданып, «құлпырып» шыға келетіні белгілі. Ал биылғы Мәжіліске сайлау науқаны тіпті тартысты өтетін ссыңайлы. Жаңадан тіркелген партиялар барын салады. Жылы жерге үйреніп қалған бұрынғы депутаттар да қарап қалмайды. Қысқасы, алдымызда өліспей беріспейтін сайлау науқаны күтіп тұр.

Қазіргі қалыптасқан күрделі геосаяси жағдайда ел тыныштығын сақтау маңызды. Бұл орайда Мемлекет басшысы: «Тәуелсіздігімізді сақтау және оны нығайту аса маңызды міндет екенін тағы да еске саламын. Бұл – халқымыздың басты құндылығы», — тағы да атап өтті.
Мұны депутаттыққа үміткер әрбір азамат жадында ұстауы тиіс. Өткендегідей «Бүйтпесеңдер, қаңтар наурызға жалғасуы мүмкін» деген ар жағында әлдебір қоқан-лоққының «құлағы» көрінетін ұранның не нәрсеге ұрындыратынын болжау қиын емес. Президент айтқандай, үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн: «Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуі тиіс».

Талап Тілеген

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата