jasqazaq.kz

Депутаттар газетке мәжбүрлеп жаздырмауды талап етті

05 желтоқсан 2016, 22:02

gazetМұғалімдерді мемлекеттік газет-журналға жазылуға  мәжбүрлеуді доғару керек. Депутаттар бүгін Ақпарат министрінен ұстаздардың жалақысынан ай сайын түрлі басылымдарға деп ақша ұстап қалуды тоқтатуды сұрады.Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:-Мемлекеттік қызметкерлерді, әсіресе, мұғалімдерді газет- журналдарға мәжбүрлеп жаздыру әлі жалғасып келеді. Отандық басылымдар осы жолмен күн көруді жалғастыра бере ме? Одан да газет-журналдар реформа жасап, сапасын арттырмай ма?Депутаттардың айтуынша, әлі күнге дейін ұстаздар, дәрігерлер мен әкімдік қызметкерлері басшыларының бұйрығымен мемлекеттік газет-журналдарға  еріктен тыс жазылып жүр. Бұл әсіресе аймақтарда ұзақ уақыттан бері жалғасып келе жатқан үрдіс. Ал мемлекеттік басылымдардың шығынына деп  онсыз да жылда қазынадан қыруар қаржы бөлінеді. Мұғалімдердің өздері оқымайтын газеттерге амалсыз алып жүргенінен министр де хабардар екен. Сондықтан Дәурен Абаев басылымдардан жұртты мәжбүрлеудің орнына   сапалы әрі қызық материалдар жазып, оқырман тартуды талап етпек.

ktk.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар