jasqazaq.kz

Депутат себепші болған жол апаты екі адам қаза тапты

30 наурыз 2017, 16:43

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, «Болашақ-Т» құрылыс компаниясының директоры Қайдар Кощанов Оралда жол апатына түсті. Апат салдарынан екі адам көз жұмды. Бұл туралы Baq.kz BNews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен мәлімдегендей, кеше шамамен таңғы сағат онда «Toyota Land Cruiser 200» көлігін тізгіндеген жүргізуші Қайдар Кощанов қиылыста көлікке жол бермей, «Лада 21073»-мен соқтығысқан. Кейін жол жиегінде тұрған «Audi B4» көлігіне соғылған.

Жол апаты салдарынан екі адам – «Лада» жүргізушісі мен оның жолаушысы облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. «Audi B4» жүргізушісі медициналық көмектен кейін үйіне қайтты.

«22 жастағы жігіт есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды. 63 жастағы әйелдің ішкі органдарына зақым келген, ішінен қан кеткен. Жәбірленуші операция бөлмесінде жан тапсырды», — деп мәлім етті облыстық клиникалық аурухананың хирургия жөніндегі директорының орынбасары Құттымұрат Жақсығалиев.

Қазір аталған іске қатысты бірқатар сараптама белгіленді. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық