jasqazaq.kz

Депутат: Өскеменде жер Даниал Ахметовтікі, Павлодарда Бақауовтікі (Видео)

28 желтоқсан 2022, 21:53

Жер қалталы байлар ғана емес, әкім-қаралардан да ауыспайды! Малын қайда бағарын білмей жайылымнан қағылған жұрттың жанайқайын жеткізген мәжілісмендер бүгін ауыл шаруашылығы министріне жерді жеке меншігіне өткізіп алғандардың атын айтып, түсін түстеді.Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

Берік Дүйсенбинов, Мәжіліс депутаты:

— Қай облысқа бармасаңыз, жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Жердің иесін тақтаға жазып қоюға кім кедергі? Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз — Бақауовтікі, Астананың маңы — Шөкеевтікі. Оны айтуға қорқып отыр бәрі. Сіздің баяндамаңызда айтылған, қайтарылған мыңдаған гектардың бәрі өтірік. Халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал ұстап отырған кісілерге жер жетпей жатыр. Осыны қашан қолға аласыздар?

Депутат Дүйсенбиновтің ашуына тиген Ербол Қарашөкеевтің мемлекетке 5 миллион 200 мың гектар жер қайтарылды деген баяндамасы. Ел аралап келген халық қалаулысы ауыл шаруашылығы министрі айтқан санға мүлдем сенбей отыр. Қарашөкеев те депутаттың бұл пікірмен келіспейді. Оған дейінгі жерді қайтарғанда олигархқа да, әкімге де қараған жоқпыз дейді министр. Келесі жылы тағы да бес миллион гектар мемлекетке қайтармақшы.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

— Әкімдерге тиіспей, жерлерді қорғап отыр дегенді мен қабылдай алмаймын. Себебі, 5,2 млн гектар жерді қайтардық. Ол кімнің жерлері? Сол әкімдердің жерлері, олигархтардың жерлері. Ендігі жылы да 5 млн гектар жерді қайтарамыз. Ол жұмысты қазір жандандырып жатырмыз.

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка