
Мәжіліс депутаттығына дәмесі болған 125 үміткер тіркеуден өте алмады.
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, оған мынадай жәйттер себеп болған:
* 1 үміткер соңғы 10 жылда Қазақстанда тұрмаған;
* 1 — үгіт-насихатты уақытынан бұрын бастап жіберген;
* 4 адамда өтелмеген сот жазасы бар болып шықты;
* 5 үміткер жемқорлық қылмыс жасаған;
* 114 — құжаттарын толық өткізбеген немесе сайлау жарнасын төлемеген;
45 үміткер кандидатурасын алып тастау жөнінде өз еркімен өтініш жазған.
JQ-Aqparat