jasqazaq.kz

Дәулет Тұрлыханов: «Иә, ол менің ұлым»

15 ақпан 2023, 14:26

Заңгер Анна Димитриевич Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жары, адвокат Олег Чернов екеуін жас жігіттің соққыға жыққаны туралы жазды. Бұған дейін Алматы қаласында жас жігіттің құқық қорғаушы заңгерді соққыға жыққаны туралы ақпарат тараған еді.

Оқиғаның қалай өрбігенін А.Димитриевич жария етті. Күйеуі екеуі таксиге отырар кезде бір адам келіп көмек сұраған. Оның айтуынша, жас жігіт қыз баланы соққыға жыққан. Ерлі-зайыптылар араға түсіп, арашалаймын деп өздері де соққы алған. Заңгер А.Димитриевич: «Бізді соққыға жыққан Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екен. Кезінде даңқты балуанның қолы қойылған «спорт шебері» куәлігін алып едім, ал оның баласын таяқ жедім», – деді. Осы оқиғаға қатысты Дәулет Тұрлыхановқа хабарласқан «Tengrinews.kz» тілшісіне әйгілі балуан: «Ол менің ұлым, кәмелет жасына толған адам. Жасаған ісіне өзі жауап береді. Бұл жайтқа қатысты нақты шешімді құқық қорғау органдары қабылдайды» деп жауап берген.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка