Дәулет Мұқаев: Солтүстікке көшіп барғандар көп ұзамай қайтып кетеді

03 мамыр 2023, 15:22

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев солтүстікке қоныс аударушыларды қолдау туралы мәселе көтеріп, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен орынбасары Алтай Көлгіновке сауал жолдады

Мәжілістің бүгінгі отырысында депутат: «Қуатты өңірлер – елді дамытудың драйвері» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылы солтүстікке 7923 адам қоныс аударған. Олардың 1320-сы қандас және 6603-і ішкі қоныс аударушылар болған. Ал биыл 8652 адамға квота бөлінген. 2021-2025 жылдарға бұл бағдарламаға 46,7 миллиард теңге бөлінсе де оң нәтижесін бермей отыр. Себебі көшіп барғандар көп ұзамай өз аймақтарына қайтадан көшіп жатыр», — деді.
Солтүстік Қазақстан облысындағы миграция сальдосы теріс мәнге ие. Соңғы жылдары оңтүстік аймақтан көшіп келген 600 адам бұл облыстан қайта көшіп кеткен. Олардың саны жыл санап артуда.

«Қоныс аударған отбасыларға тұрғын үй сатып алуға үй құнының 50%, бірақ 4 млн теңгеден аспайтын сомада қаржы беріледі. Бұл — қоныс аударушыларға үлкен көмек. Әйтсе де, мемлекеттік баспананың сапасыздығына арызданған жандар өте көп. Жаңадан салынған үйлердің сапасыз екенін ескеріп, мемлекеттік бағдарлама аясында екінші деңгейлі нарықтан тұрғын үй сатып алу немесе өздеріне үй салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын», — деді Д. Мұқаев.

Халық қалаулысы ауа райы мен қоныс аударушылардың жерсіну кезеңін ескере отырып, қоныс аударуды тек ерте көктемде жүргізуді ұсынды.

«Қоныс аударған ағайынға жат жердің тыныс-тіршілігіне үйренуге жәрдемші болатын арнайы бейімдеу орталығы мен бірегей сайт, жедел желі телефоны іске қосылуы керек. Себебі қоныс аударушы қандастарымыздың көбі кирилл қаріптерін оқығанда қиналғандары байқалады. Ал өзіміздің жергілікті халық болса көші-қон жайлы толық ақпарат біле бермейді. Себебі ақпараттандыру, түсіндірме жұмыстары өте аз. Қоныс аударушыларды арнайы комиссия негізінде іріктеп, кәсіпке икемі бар, көпбалалы отбасыларға басымдық берілуі керек. Көшкен соң туған әр сәбиге де берілетін жәрдемақы деңгейін арттыру демографияға серпін берері сөзсіз», — деді спикер.

Жұмыс орындарын көбейту мақсатында жұмыс беру мүмкіндігі бар кәсіпкерлерді көшіруге ықпал ету немесе жас кәсіпкерлерді қызықтыратын арнайы өңірлік бағдарлама әзерлеу керегі де айтылды.

«Қоныс аударғандардың кәсібін дөңгелетіп әкетуге 2,5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несие санын арттырып, субсидия, гранттарды ұлғайту керек» деген ұсыныс тастады депутат.

JQ-Aqparat

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде