
Актриса, көпшілікке Айсара атымен танылған Дариға Бадықова жұбайымен тойларда ән шырқап жүр. Ол өзінің инстаграм желісінде жұбайы екеуінің ән салған видеосын жүктеді. Бұл туралы JQ-aqparat хабарлайды.
Бұл жұптың ән орындау шеберлігі көпшілікке ұнаса керек, жағымды пікірлер жаудырыпты.Тіпті оқырмандарының бірі:«Табиғатынан берілмеген дауысты компьютер де өзгерте алмайды. Айтқан адам айта берсін. Даусыңыз керемет Дариға ханым»,-деген пікір қалдырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram