jasqazaq.kz

Дариға Бадықова: Не қазақ емеспіз, не араб емеспіз

21 қантар 2023, 13:46

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова хиджап киіп жүрген қыз-келіншектерге қатысты өз ойымен бөлісті. Өнер иесі бұл пікірін инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды JQ-Aqparat.
«Кейінгі кезде байқайсыздар ма не қазақ емеспіз, не араб емеспіз. Дәстүрді айтсақ, шариғатта олай емес дейміз», – деп жазды ол.
Актриса кейінгі кезде орамал тағып, тұмшаланған қазақ қыздарының көбейгенін меңзесе керек.
Жазбаны оқырмандарына деген сұрақпен аяқтады.
“Бізді дүбәрә ету кімге пайдалы?», – деген сауал жолдады Дариға.
Бұл сұрақ көптің көкейінде жүрсе керек. Желі қолданушылары актрисаның бұл сөзін қолдай кетті.
“Дұрыс айтасыз. Кім болса соған еліктеуге дайын тұрамыз”, “Ары тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледі. Қазақтардың жанында дүбәрәнің өзі жолда қалады”, “Келісемін”, – деп өз пікірлерін қалдырды желідегілер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Дариға Бадыкова (@dariga_badykova)

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді