jasqazaq.kz

Дариға Назарбаева: Мен Баянды қолдаймын

16 қыркүйек 2016, 17:27

Еліміздің Парламент  Сенатының депутаты Дариға Назарбаева танымал тележүргізуші және продюсер Баян Есентаеваны қолдады.

«Ондай оқиға әйелдерге өте ауыр тиеді. Барлық жағынан. Қандай жағынан қарамасаңыздар да, мұндай мәселеде заң әйелдердің жағында. Әйелдерді қолдаймын. Ондай болмау керек. Азаматтардың, жігіттердің әйелдерге қол көтеруі деген, ол енді, сұмдық», — деді ол Сенат отырысынан соң, тілшілерге берген сұxбатында деп хабарладыҚазАқпарат.

Еске салсақ, 10-маусымда Баян Есентаева миы шайқалып, мұрны сынып, пышақ жарақаттарымен Алматы облысындағы Талғар ауруханасына жеткізілген. Кейін анықталғандай, оны жұбайы Бақытбек Есентаев жанжал барысында соққыға жыққаны анықталды.

Қазіргі уақытта Бақытбек Есентаевтің ісі бойынша сот процесі жалғасуда. Осы оқиғадан соң, Баян Есентаева 22 жыл бойы отасқан күйеуімен ажырасты.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық