jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Жастар ресурстық орталықтары барлық өңірде ашылуы керек

13 қантар 2023, 15:32


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Дархан Қыдырәлі есеп берді деп хабарлайды JQ-Aqparat.

Жиында Дархан Қыдырәлі министрліктің өткен жылы атқарған жұмысына тоқталды. Министрліктің Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасындағы негізгі стратегиялық бағыттары мен тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп отырғанын жеткізді.
«Министрлікке жүктелген сегіз тапсырманың бесеуі нақты орындалды. Қалғаны іске асырылуда. Былтыр біздің салада 20 ірі іс-шара болып өтті. Оның сегізі әлемдік белді сарапшылардың, халықаралық ұйым өкілдерімен ұйымдастырылды. Сондай-ақ дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен 60-қа жуық кездесу өткізілді, – деп атап өтті министр.
2022 жылы еліміздегі саяси маңызды іс-шаралардың бірі – әлемнің елу елінен жүзден астам өкілі қатысқан әлемдік және дәстүрлі діндер көсбашыларының сьезі. Оған Рим папасы Францисктің елімізге жасаған ресми сапары – маңызды оқиғаның бірі болды. Қазіргі таңда «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері» сьезінің 2023-2033 жылдарға арналған даму тұжырымдамасы әзірленуде.
Ал ашық азаматтық қоғам құруда қоғамдық бақылау және онлайн петициялар туралы заң жобасы Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңға өзгерістер енгізілмек.
Сондай-ақ өз сөзінде Дархан Қыдырәлі жастар мәселесіне тоқталды.
«Елімізде жастар саны 35 жасқа дейін ұлғайған болатын. Осы санатта еліміздегі жастар саны 6 миллионға көбейді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023-2027 жылдарға арналған «Мемлекеттік жастар саясаты» тұжырымдамасы әзірленіп, ашық талқылауға ұсынылды. Бұл орайда, әсіресе, жастар ресурстық орталықтарының маңызы зор. Жастар ресурстық орталықтарына бір жылдың ішінде түрлі мәселелермен 400 мыңнан астам жас жүгінген. Сондықтан осындай орталық еліміздің барлық өңірінде ашылуы керек», — дейді министр.
2022 жылы жастар практикасынан өту мерзімі 6 айдан 12 айға дейін, бірінші жұмыс орны жобасы бойынша 12 айдан 18 айға дейін ұзартылды. Бұл — жастар үшін тәжірибе алуға және табыс табуға жақсы мүмкіндік.
«Жастардың бизнес бастамаларын қолдау мақсатында да мемлекет мүмкіндіктерді ұсынды. 2022 жылы «Jas Project» жобасы жүзеге асырылды. Онда 1 млн теңгеден 250 грант бөлінді. Бұл грант жыл сайын беріледі және оның көлемін ұлғайту жоспарлануда», — деді Дархан Қыдырәлі.
Министрдің сөзінше, жастарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Былтыр Қазақстан жастардың жаһандық даму индексінде 63-орыннан 54-ші орынға көтерілді.

Бүгін, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты