jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Өңірлік БАҚ-қа қолдау күшейеді

27 қантар 2023, 16:51

Астанада өткен өңірлік мерзімді басылымдар форумында сөз сөйлеген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі аймақтық БАҚ-қа қатысты біршама іргелі жобалар бар екенін айтты.

Министр аймақтағы басылымдарды қаржыландыру тетігі мен ережелерін қайта қарастырып жатқанын айтты.

«БАҚ-қа берілетін мемлекеттік тапсырыстың талаптарын жеңілдетуге мүдделіміз. Атап айтқанда, жергілікті БАҚ-ты қолдау тарифтері  2019 жылдан бері өзгермегені белгілі. Соған байланысты біз тарифтерді ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұл шаралар жобалық тәсілде өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жергілікті БАҚ-қа жаңа серпін беріп, оң әсер етеді деген үміттеміз», — деді Дархан Қыдырәлі.

Сонымен бірге министр өңірлік басылымдардың сайттарын жасау және қолдау, әлеуметтік желілерді тиімді пайдалану бойынша әдістемелік көмек көрсетілетінін, масс-медиа туралы жаңа заң аясында басылымдардан қосымша құн салығы алынып тастау қарастырылып жатқанын айтты.

Айта кету керек, форумға еліміздің әр өңірінен 200-ден астам делегат қатысып жатыр. Екі күн бойы түрлі сессиялар, мастер-класстар, тағылымды талқылар ұйымдастырылады.

JQ-Aqparat

 

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики