jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: МediaLab журналистердің біліктілігін арттыруды көздейді

17 ақпан 2023, 14:00

Бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі жоғары білім және ғылым министрі Саясат Нұрбекпен бірге MediaLab журналистика орталығының ашылуына қатысты.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қазақстандық қоғамдық даму институтында орналасқан орталықта медиа мамандардың біліктілігін арттыруға қажетті жағдай жасалған.

«Естеріңізде болса, Astana MediaWeek форумында біз медиа индустрияны зерттеумен, журналистика және коммуникация саласындағы мамандардың біліктілігін арттырумен жүйелі түрде айналысатын орталық ашамыз деген едік. Енді, міне соның орайы бүгін келіп отыр.
«MediaLab» орталығы медиа тұтыну паттерндерін ғылыми тұрғыда зерттеуді, журналистердің, әсіресе аймақтағы журналистердің біліктілігін арттыруды, салалық журналистиканы жетілдіруді, баспасөз хатшыларының кәсіби дағдыларын дамытуды көздейді» деп атап өтті Дархан Қыдырәлі.

Орталықта журналистика мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге де әдістемелік қолдау жасалады.

«Біз әлемдегі журналистика мектептерінің озық деген оқу бағдарламаларын “Ашық силлабус” жобасы аясында Қазақстанға әкеліп, үздік кітаптар мен оқулықтарды қазақ тіліне аударуды жоспарлап отырмыз», — деді Д. Қыдырәлі.

Қорытындыда министрлер білім және ғылым саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

JQ-Aqparat

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка