
Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Агалар Атамоглановпен кездесті.
Кездесу барысында министр Д.Қыдырәлі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан реформалар мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жетекшілік ететін салалар жайында айтылды.
Кездесу барысында елші мен министр медиа, жастар салалары бойынша ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
JQ-Aqparat