jasqazaq.kz

Дархан Қыдырәлі: Ақпарат қауіпсіздігіне айрықша назар аудару қажет

10 наурыз 2023, 7:23

Әзербайжанда «Бүгінгі әлем: сын мен үміт» тақырыбындағы Х Баку жаһандық форум өтіп жатыр. Биыл оныншы рет өткізіліп отырған форум үш күнге созылады.

Жиында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөзі сөйлеп,
жаhандық форумның интеллектуалдық платформаға айналып келе жатқанын атап өтті. Дархан Қыдырәлі өз сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-ші сессиясында сөйлеген сөзін еске салды:
«Мемлекет басшысы тәртіп пен жауапкершілікке негізделген халықаралық жүйе бүгінгі хаос пен белгісіздік алдында есе жіберіп алғанын айтқан еді”.

Сондай-ақ Д.Қыдырәлі Қазақстанның
тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен әлемдегі төртінші ядролық әлеуеттен бас тартып, Семей полигонын жауып, халықаралық қауымдастық алдында ядролық қарусыз әлем құруда табандылық көрсеткенін, бұл жаһан проблемасын жұмыла шешудегі Қазақстанның үлесі екенін айтты.
Министр жаһанның және аймақтың алдында тұрған сын-қатерлер, оның ішіндегі климаттың, азық-түліктің және ядролық қауіпсіздікпен қатар, постшындық дәуірінде белең алған гибрид соғыстары, инфодемия құбылыстары ақпараттық қауіпсіздікке де ерекше назар аудару қажет екенін көрсетіп отырғанын атап өтті.
«Гибридті соғыстар мен инфодемия біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналды. Бұл ақпараттық қауіп және ақпараттық соғыстың шегі жоқ. Киберқылмыстың өсуі біздің өміріміздің барлық салаларына, соның ішінде ауыл шаруашылығы, сумен жабдықтау, қаржы, қауіпсіздік, көлік, энергетика, ғарыш және су асты коммуникацияларына шабуыл көбейген сайын айқын көрінеді. Қажетті ресурстарды, технологиялық шешімдерді, сондай-ақ осы саладағы мамандарды даярлау маңызды міндет», — деді министр.

Жаңа технологияның дамуы адам өміріне артықшылықтар берумен қатар, сын-қатерлермен де бетпе-бет келтіріп отыр.

«Көптеген ғалымдар жасанды интеллект мемлекеттердің жұмысын жақсартады және ХХІ ғасырда қоғамның күрделі мәселелерін шешеді деп болжайды. Алайда медиа мен цифрландырудағы этика мәселесі алдан шығып отыр. Сондықтан жасанды интеллектіні дұрыс пайдалануды реттеу, оны қолдану құқығын қалыптастыру мәселелері зияткерлік ортада кеңінен талқылануы тиіс», — деді Д.Қыдырәлі.

Сонымен бірге министр Каспий теңізінің экологиялық жағдайына да назар аудару қажет екенін тілге тиек етті.

«Каспий теңізі — баламасы жоқ су бассейні және ол бес ел экономикасының базалық ресурсы. Алайда ғалымдардың зерттеуінше, XXI ғасыр соңында Каспийдің көлемі азаюы мүмкін. Бұл аймақтағы экожүйе мен экономикалық қауіпсіздікке сын-қатер төндіреді, — деп атап өтті Д.Қыдырәлі.
Баку жаhандық форумына Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев, әлемнің белгілі саяси қайраткерлері мен ғалымдар қатысты.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата