jasqazaq.kz

Данияр Елеусінов: Бұл жеңіс — қазақ елінің жеңісі

18 тамыз 2016, 4:54

photo_82028

Бүгін Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында бокстан 69 келі салмақта чемпион атанған Данияр Елеусінов жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті, – деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жеңіс – қазақ елінің жеңісі. Мен жеңісімді еліме арнаймын», – деп атап өтті Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов.

Сонымен бірге Рио Олимпиадасында өзіне қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлеріне шексіз разы екенін айтып, алғыс білдірді.

«Маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерімен деген алғысым шексіз. Барлығыңа рахмет! Мені қолдадыңыздар, осы жетістікке жетуге талпындырып, жігерімді жаныдыңыздар. Сол үшін барлық жанкүйерлеріме рахмет айтамын. Сіздер менен үлкен үміт күттіңіздер, мен оны ақтадым», – деді Елеусінов.

Сонымен бірге  осыған дейінгі Олимпиада ойындарындағы 69 келі салмақта Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев салған сара жолды бұзбай, чемпиондық атаққа қол жеткізгені үшін қуанышты екенін де жасырмады.

«Бұл 69 келі салмақ, қазақтың салмағы атанып кетті. Оған себеп, менің алдымда  қазақтың үш батыры –  Артаев, Сәрсекбаев, Сәпиев алтын қазақ еліне медаль сыйлады. Сәпиев үлкен спорттан кеткен соң, мен осы салмаққа ауыстым. Бұл салмақ дәрежесінің жауапкершілігі күшті екенін сезініп және алдымдағы ағалардың жолын жалғап, чемпион болуға бар күш-жігерімді салдым. Міне, арманым орындалды. Алдыңғы ағаларыма ұялмай қарайтын болдым», –  деді күліп, Данияр Елеусінов.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық