jasqazaq.kz

Дактилоскопиялық тіркеуден бас тартқандарға айыппұл салынады

14 қараша 2016, 16:22

20161114123118

Дактилоскопиялық тіркеуден бас тартқан қазақстандықтарға 2 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» заң жобасын таныстырғаннан кейін тілшілерге ҚР Ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов мәлім етті.

ҚазАқпарат хабарлағандай «Қазақстандықтар үшін қарастырылып отырған айыппұл екі АЕК-ті құрайды»,-деді Жақыпов. Сонымен қатар дактилоскопиялық тіркеуден бас тартқан шетелдіктер Қазақстан аумағынан шеттетіледі. Вице-министр өз баяндамасында заң жобасының мақсаты дактилоскопиялық және геномдық ақпарат негізінде адамның тұлғасын сәйкестендіруді нақтылаудың құқықтық негіздерін бекітуге бағыталғанын жеткізді. Көрсетілген міндеттерге сәйкес, мемлекеттік дактилоскопиялық және геномдық тіркеудің құқықтық негіздерін, негізгі түсініктерді, ұстанымдарды, ақпаратты жинау мен өңдеуге тиісті талаптарды айқындау ескерілген. Дактилоскопиялық ақпарат тұрғысында адам қолы саусақтары папиллярлы өрнектерінің құрылысы туралы биометрикалық мәліметтер қамтылады. 1992 жылы Қазақстан құжаттардың биометрикалық параметрлері туралы халықаралық келісімді ратификациялады. Қазіргі кезде тұлғаны куәландыратын 11 құжаттың жетеуінде биометрикалық көрсеткіштерді енгізу қарастырылады. Біздің төлқұжаттар мен жеке куәліктерде электронды чиптер бекітілген, бұлар арқылы биометрикалық мәліметтерді енгізуге болады. Вице-министрдің айтуынша, дактилоскопикалық тіркеу төлқұжат пен жеке куәлікті немесе теңізшінің жеке куәлігін рәсімдеу кезінде іске асырылады.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты