jasqazaq.kz

Дағдарыс дауылпазы емес. Дегенмен…

16 наурыз 2023, 13:50

Тегі жапон, бірақ американ кәсіпкері ретінде танымал Роберт Кийосаки — аузы дуалы сарапшы. 2008 жылы lehman brothers-тің батпаққа бататынын дөп басып айтқан. Алпауыт банк тек өзі тақырға отырып қоймады. Қаржы дағдарысы бүкіл ғаламды шарпыды. Кесірі көпке тиді.

Роберт Кийсоки шырғалаң енді Швейцариядағы Credit Suiss-ке төніп тұр деген пікірде. Ал Ақ үйдің бұрынғы қожайыны Трампқа салсақ, бір ғасыр бұрынғы Ұлы тоқырау қайталануы бек мүмкін. «Қаржы жүйесі күйрейді» деп аттан салған сәуегей де жетерлік. Батыл мен бұлыңғыр арасын ойқастаған болжамдар қос банктің аяқ астынан жабылуымен тікелей байланысты. Әңгіме Кремний ойпатындағы технологиялық стартап, венчурлық инвестқор және IT-компанияларды қаржыландыратын Silicon Walley Bank (SWB) мен криптоақшамен жұмыс істейтін Signatura Bank жөнінде. Бұлардың алғашқысы өткен сәрсенбіде құнды қағазын сата алмай қалды. Мұны естіген жергілікті кәсіпкерлер жаппай ақшасын алуға асықты. Бір күнде 42 млрд доллар иелеріне қайтарылды. Банк жексенбіде банкрот болды. Жұрттың ақшасы Санта Кларада арнайы құрылған мекемеге ауыстырылды. АҚШ Федералдық салымдарды сақтандыру қоры (FDIC) апта басында SWB-ті тағы да бәсеке саудаға (аукцион) шығарды.

Мұның алдында да сатып алуға ниет білдіруші табылмады. Сақтандыру демекші, FDIC салымшының 250 мың долларына кепілдік береді. Бірақ SWB-те салымдардың 97 пайызы осы сомадан әлдеқайда көп. 110 млрд долларға жететін активімен криптобиржадағы мықты ойыншы саналатын НьюЙорктегі Signatura Bank-ті қаржы жүйесіне төнген қауіпті ескеріп жапқан деседі. Небәрі 48 сағатта қос банктің есігіне құлып ілінгенін ақша саудагерлері жаман ырымға балады. Дереу талайды тақырға отырғызған әлгі Lehman Brothers-ті еске түсірді. Содан шығар, дүйсенбіде таңертең Уолл-Стрит биржасында саудасаттықты басталмай жатып тоқтатуға тура келді. Өйткені акциялардың құны шапшаң құлдырай бастады. Қалталылар әп-сәтте 190 млрд көк қағазымен қоштасты. Орта дәулетті банкир де зиян шекті.

Айталық, PacWest банкінің басшылығы өткен жетіде 700 млн долларлық депозиттің кеткенін өкінішпен жеткізді. Доллар дүрбелеңіне президент Байденнің «Ахуал бақылауда, алаңдауға негіз жоқ» деген мәлімдемесі де тосқауыл бола алмаған сияқты. Мамандар мазасыз ахуалды Федералдық резев жүйесінің (Орталық банк) пайыздық мөлшерлемені өсіруімен байланыстырады. Ол былтырдан бері 0,25- 05%-дан 4,75%-ға дейін өсті. Бұл мемлекеттік облигациялар пайызының қымбаттауына әкеп соқты. Ал арзан несиеге алынған құнды қағаздың елеулі бөлігі өтпей қалды. Салыстыру үшін айта кетейік, 2008 жылғы дағдарыста сатылмай қалған облигациядан келген зиян 75 млрд доллар болса, қазір оның көлемі 600-700 млрд шамасында. АҚШ-та тоқтаусыз басылып, тауар не ресурспен қамтамасыз етілмеген «көбік» ақша инфляция деңгейін арттырып отыр. Осының бәрі алдағы қаржы дағдарысының дауылпазы ма? Әрине, жоқ. Бірақ қазекең айтқандай, жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

Тегі жапон, бірақ американ кәсіпкері ретінде танымал Роберт Кийосаки — аузы дуалы сарапшы. 2008 жылы lehman brothers-тің батпаққа бататынын дөп басып айтқан. Алпауыт банк тек өзі тақырға отырып қоймады. Қаржы дағдарысы бүкіл ғаламды шарпыды. Кесірі көпке тиді.
Роберт Кийсоки шырғалаң енді Швейцариядағы Credit Suiss-ке төніп тұр деген пікірде. Ал Ақ үйдің бұрынғы қожайыны Трампқа салсақ, бір ғасыр бұрынғы Ұлы тоқырау қайталануы бек мүмкін. «Қаржы жүйесі күйрейді» деп аттан салған сәуегей де жетерлік. Батыл мен бұлыңғыр арасын ойқастаған болжамдар қос банктің аяқ астынан жабылуымен тікелей байланысты. Әңгіме Кремний ойпатындағы технологиялық стартап, венчурлық инвестқор және IT-компанияларды қаржыландыратын Silicon Walley Bank (SWB) мен криптоақшамен жұмыс істейтін Signatura Bank жөнінде.

Бұлардың алғашқысы өткен сәрсенбіде құнды қағазын сата алмай қалды. Мұны естіген жергілікті кәсіпкерлер жаппай ақшасын алуға асықты. Бір күнде 42 млрд доллар иелеріне қайтарылды. Банк жексенбіде банкрот болды. Жұрттың ақшасы Санта Кларада арнайы құрылған мекемеге ауыстырылды. АҚШ Федералдық салымдарды сақтандыру қоры (FDIC) апта басында SWB-ті тағы да бәсеке саудаға (аукцион) шығарды. Мұның алдында да сатып алуға ниет білдіруші табылмады. Сақтандыру демекші, FDIC салымшының 250 мың долларына кепілдік береді. Бірақ SWB-те салымдардың 97 пайызы осы сомадан әлдеқайда көп. 110 млрд долларға жететін активімен криптобиржадағы мықты ойыншы саналатын НьюЙорктегі Signatura Bank-ті қаржы жүйесіне төнген қауіпті ескеріп жапқан деседі.

Небәрі 48 сағатта қос банктің есігіне құлып ілінгенін ақша саудагерлері жаман ырымға балады. Дереу талайды тақырға отырғызған әлгі Lehman Brothers-ті еске түсірді. Содан шығар, дүйсенбіде таңертең Уолл-Стрит биржасында саудасаттықты басталмай жатып тоқтатуға тура келді. Өйткені акциялардың құны шапшаң құлдырай бастады. Қалталылар әп-сәтте 190 млрд көк қағазымен қоштасты. Орта дәулетті банкир де зиян шекті. Айталық, PacWest банкінің басшылығы өткен жетіде 700 млн долларлық депозиттің кеткенін өкінішпен жеткізді. Доллар дүрбелеңіне президент Байденнің «Ахуал бақылауда, алаңдауға негіз жоқ» деген мәлімдемесі де тосқауыл бола алмаған сияқты. Мамандар мазасыз ахуалды Федералдық резев жүйесінің (Орталық банк) пайыздық мөлшерлемені өсіруімен байланыстырады. Ол былтырдан бері 0,25- 05%-дан 4,75%-ға дейін өсті. Бұл мемлекеттік облигациялар пайызының қымбаттауына әкеп соқты. Ал арзан несиеге алынған құнды қағаздың елеулі бөлігі өтпей қалды. Салыстыру үшін айта кетейік, 2008 жылғы дағдарыста сатылмай қалған облигациядан келген зиян 75 млрд доллар болса, қазір оның көлемі 600-700 млрд шамасында. АҚШ-та тоқтаусыз басылып, тауар не ресурспен қамтамасыз етілмеген «көбік» ақша инфляция деңгейін арттырып отыр. Осының бәрі алдағы қаржы дағдарысының дауылпазы ма? Әрине, жоқ. Бірақ қазекең айтқандай, жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды.

Срайыл Смайыл, экономикалық шолушы

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата