Чикагода дәрігерлер төрт қолы мен екі омыртқасы бар сәбиге күрделі ота жасады.

Америкалық дәрігерлер кішкене қызға отаны алты сағат бойы жасаған. Дәл қазір сәбидің жағдайы толықтай жақсы. Оның алғашқы тістері де шығып үлгерген.
Мамандар бастапқыда сәбидің сал болып қалуы мүмкін екенін жасырмаған. Десе де, оның ата-анасы үшін қорқынышты күндер артта қалды.
Бұл туралы L!FE.ru басылымына сілтеме жасай отырып stan.kz хабарлайды.