jasqazaq.kz

Сот қызметкерін үйінде пышақтап кетті

02 тамыз 2016, 16:49

30 шілде күні түнде Қарағандыда облыстық соттың екі қызметкерін пышақтап кеткен. Бұл туралы nv.kz хабарлайды.

“Жұмадан сенбіге қараған түні Облыстық клиникалық ауруханаға пышақ жарақатымен ер және әйел адам жеткізілді. Екеуі де жансақтау бөліміне орналастырылды. Әйел мойыннан жарақат алған, ал ер адамдыкі жеңіл. Олардың жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты”, – дейп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз бөлімі.

Пышақ салу фактісін облыстық ІІД растады.

“Аталған факт тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары Қылмыстық кодекстің 106 бабы “әдейі денсаулыққа ауыр зардап тигізу” бабы бойынша қаралып жатыр”, – деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.

Жарақат алғандарға қатысты Қарағанды облыстық соты да түсініктеме берді.

“Екеуі де сот жүйесінің қызметкерлері. Ер адам – талдау және жоспарлау бөлімінің басшысы, ал әйел адам – Қарағанды қалалық экономикалық сотының бас маманы”, – деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот қызметкерлерінің пышақ жарақатын қандай жағдайда алғаны белгісіз. Шабуылдың кәсіби қызметтеріне қатысы бар-жоғы да әзір анықталмады.

stan.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық