jasqazaq.kz

Cмартфонға тәуелді болып қалған мемлекет

03 қантар 2017, 12:16

Аталған сұраққа жауап беру мақсатында Tefficient атты Швециялық телефон операторы Еуропа мен Азия елдерінен құралған 32 мемлекет халқына тәжірибе жасаған.

massaget.kz хабарлағандай, сауалнаманың нәтижесінде Финляндия елінің тұрғындары өзге халықтарға қарағанда әлдеқайда ұялы телефонға тәуелді, басыбайлы болып шыққан. Бұған таң қалуға да болмас, сірә. Өйткені смартфондарға, ұялы телефондарға, электроникаға басыбайлы адамдар осы өнімді шығарумен айналысатын мемлекеттерде көп болатыны белгілі жайт қой. Ал Финляндияда Майкрософт сатып алған, 2017 жылы жаңа үлгілерін өндіріске шығаратын Nokia маркалы ұялы телефонның дайындалатынын білеміз. Дегенмен де, Финляндия тұрғындарының ұялы телефонға деген қызығушылығының жоғары болу себебі – тиімді операторлық тарифтердің болуы. Ғаламторға деген жеңіл қол жетімділік, тарифтік жоспар бағаларының арзан болуы ұялы телефонға деген сұранысты бірден арттыратыны тәжірибе жүзінде дәлелденді. Қызық болса да айта отырайық, фин халқының ұялы телефонды қолдану жиілігі электроника қоғамында өмір сүріп жатқан кәрістерден екі ессеге артып кеткен. Меланхолик финдіктердің интернетке деген мұндай шектен тыс тәуелділігі Хельсинки денсаулық сақтау департаментін уайымдатып отыр. Өйткені, интернетке, ұялы телефонға деген тәуелділік көптеген әлеуметтік-психологиялық проблемалардың бастауына айналып отыр. Ата-аналар балаларына аз көңіл бөлетін болды. Адамдар арасындағы шынайы қарым-қатынас бұзылып, қоғам мүшелері арасында депрессия дерті дендеп барады. Финляндияда бұған қатысты әлеуметтік ролик те түсірілген. Роликтің сюжеті бойынша жағажайда ұялы телефонмен әуре болып отырған ана қарғалардың баласын қалай көтеріп әкетіп бара жатқандығын байқамай қалады. Алайда бұл әлеуметтік жарнама Финляндия тұрғындарына аса ұнай қоймаған. Мемлекет билігі жолдап отырған «Немқұрайлылық – қоғам дерті» атты слоган да Финляндия халқына ой сала алмаған. Қазіргі уақытта Финляндияда 5,5 миллион адам тұрады. Бұған қарамастан, белсенді тарифтік жоспар саны 11 миллионды құраған. Орташа есеппен, елдің әрбір тұрғыны екі тарифтік жоспарды тұтынатын болып отыр. Елдегі тарифтік жоспардың көлемі шектелмеген. Яғни, еркін интернет-трафигі құрылған. Алайда мұндай трафиктік ұсыныс ел халқы үшін барлық жағынан тиімді ме?!

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық