jasqazaq.kz

Челах неден үмітті?

16 ақпан 2023, 13:06

Еліміздің ҰҚҚ төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Владислав Челахтың ісіндегі мән-жәй бүге-шігесіне дейін анықталғанын айтты.

Сенат кулуарында журналистердің қойған сауалына: «Меніңше, бұл туралы қандай да бір пікір айту артық. Оқиға болған жылы қылмыстық іс қаралды, сол кезде-ақ барлығын анықтады. Енді оның не айтқысы келетінін білмеймін», — деп жауап берді.

Тілші қауымның Шекара қызметінің ресми ұстанымы тергеу мен соттың қортындысына сай ма деген сауалға ол «Дәл солай» деді.

Еске сала кетейік, Қытаймен шекарада орналасқан «Арқанкерген» шекара бекетінде 2012 жылы 28 мамырда 14 шекарашы мен орманшыны 19 жастағы Челахтың қырып салғаны мәлім болды. Қылмысы дәлелденгеннен кейін ол бас өмір бойына бас бостандығынан айрылды. Қазір ол Жітіқарадағы «Қара бүркіт» колониясында жазасын өтеп жатыр.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті