jasqazaq.kz

БҰҰ: «Қазақстан балалары» бағдарламасы көптеген елге үлгі бола алады

28 қантар, 21:22

БҰҰ Қазақстанның «Қазақстан балалары» ұлттық бағдарламасын (2026-2030) қабылдағанын мақұлдады. Бұл бағдарлама балалардың әл-ауқатын арттыруға, балаларды қорғау жүйесін нығайтуға және әрбір бала үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді стратегия болып табылады.


БҰҰ-ның Балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы өкілі (SRSG) Қазақстанның шешімді көшбасшылығы мен әрбір балаға нақты қамқорлық көрсетуді көздейтін бұл бастамасын жоғары бағалады. Халықаралық ұйымның пікірінше, бағдарлама тек Қазақстан үшін ғана емес, көптеген басқа елдерге де үлгі бола алады.
Балалардың әл-ауқаты мен құқықтарын қорғау – қоғамның басты көрсеткіші. Қазақстан қабылдаған ұлттық бағдарлама осы мақсаттарды нақты іс-қимылдар арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді, — делінген БҰҰ өкілінің хабарламасында.
Бағдарлама аясында балалардың білім алу, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қауіпсіздік және тең мүмкіндіктерге қол жеткізу салалары қамтылған. Сонымен қатар, бағдарламаны іске асыру кезінде барлық өңірлерде балалардың мүддесі бірінші орынға қойылады.

JQ-Aqparat

Сурет: unisef.org

 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді