jasqazaq.kz

Бюджетті игермеген басшылар жауапкершіліктен құтылмайды

05 қантар 2017, 18:12

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен жиында 2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын-ала қорытындысы жарияланды. Оның барысында әкім бюджетті игермеген басшыларға жауапкершіліктен құтылмайтынын еске салды.

Қазақпарат хабарлағандай, аймақта өнеркәсіп өндірісінің көлемі, негізгі капиталға инвестициялар тарту, белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, облыстағы мемлекеттік кіріс бюджетінің тағы басқа да жылдық жоспары 100%-дан асыра орындалған. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары мен бөлшек тауар айналымының көлемі де жыл қорытындысы бойынша толық орындалады деп күтілуде. Жалпы алғанда облыстық бюджеттің шығыс бөлігі 99,5%-ға орындалған. Дегенмен, бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысты мәселе де жоқ емес. Осыған орай, алдағы уақытта басқарма басшылары қаржыны игермесе, жауап береді. Сынға іліккен басқармалардың бірі — облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы. Аталған басқарма 320 миллион теңгеге жуық қаржыны игермеген. «Спорт мектептерін жарақтандыру, спорт инфрақұрылымын жақсарту үшін тиісті министрліктер, ведомстволармен қаржы бөлу жөнінде жыл бойы жұмыс жүргізілді. Ал нәтижесі осы! Бұл жауапкершіліктің жоқтығын көрсетеді. Әсіресе әлеуметтік-мәдени сала нысандарына «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражаттың игерілмегені қынжылтады. Біздің мектептердің, балабақшалардың, жолдардың жай-күйін жақсы білемін. Мемлекет бізге жағдайды дұрыстау үшін, жақсарту үшін қаржы бөледі, ал біз оны игере алмаймыз. Жауапкершіліктен қашамын деп ойламаңыздар, олай болмайды»,- деді өңір басшысы мемлекеттік бағдарлама әкімшілерінің басшыларына. Айта кеткен жөн, биыл бюджет былтырғымен салыстырғанда 15%-ға артқан.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар