jasqazaq.kz

БҰРЫС ПЕН ДҰРЫС БЮЛЛЕТЕНІ

10 ақпан 2023, 17:30

1, Тележаңалықты алаяқтыққа пайдаланды

«Ол бар болғаны қосымшаны өзінің телефонына жүктеді. 7375 долларды шығарып алды».

Әлеуметтік желіде әлдебір қосымшаның жарнамасын байқауға болады. Оны жүктеу арқылы ірі көлемде ақша ұтып алуға болады-мыс. stopfake.kz сайты жазғандай, жарнама мәтіні 39 млн теңге ұтып алған такси жүргізушісі туралы тележаңалықтардағы сюжеттің үстіне жазылған. Сюжет шын мәнінде 2019 жылы эфирге шыққан. Шопырдың көп ақшаны ұтып алғанын өзге БАҚ-та хабарлаған болатын. Бірақ ол ешқандай қосымшаны жүктеген емес. Ақшаны лотереядан ұтқан болатын.

 

2. «Еріктілермен» елді шатастыру

«Астана қаласының ТЖД кезекшілік бөлімінде жер сілкінісі салдары аумағына жөнелту үшін еріктілер жиналуда. Азаматтар ішінен бірінші болып жазылдым. Әріптестерден қоңырау күтемін».

Скриншот-inform.kz

Скриншот-inform.kz

ҚазАқпарат агенттігі бір азаматтың осы ақпаратты әлеуметтік желіде жариялағанын, осыған орай Астана қалалық төтенге жағдайлар департаментінің оны дереу теріске шығарғанын хабарлады. «Бұл ақпараттың шындықққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз! Бүгінгі таңда қажетті құтқару жабдықтарымен жабдықталған 40 қазақстандық құтқарушы Түркияда, Газиантеп қаласында. Сондай-ақ тәжірибелі мамандар, кинологтар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері қатарынан қосымша 60 құтқарушы бүгін жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға көмек көрсетуге бара жатыр. Осыған байланысты азаматтардан тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз» делінген департаменттің мәлімдемесінде.

3. Арақпен емдеудің адам сенгісіз «тәсілі»

«Кәдімгі арақтың буын жұтып, кез-келген жұқпалы кеселден құлан таза айығуға болады».

Арақпен емдеудің елде жоқ осындай әдісін әлдекімдер 2020-2021 жылдары Covid-19 кеселі өршіп тұрған кезде тықпалаған еді. Олар сол арқылы коронавиурсты жеңуге болады деп жұртты сендіруге тырысты. stopfake.kz сайты мұндай амал түкке пайдасыз деп есептейді. Өйткені, көп мөлшерде спирт вирусты өлтіргенімен, арақтың буы ағзаға емдік тұрғыдан әсер ете алмайды. Оның үстіне булаудың мұндай түрі денсаулыққа зиян тигізуі де мүмкін.

JQ — Фактчекинг

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка