jasqazaq.kz

Былтыр Қазақстан тарихына қатысты 7 мыңнан астам құжат елге әкелінген

20 қантар 2023, 12:13

Өткен жылы тарихи құжаттарды түгендеу мақсатында мамандар шет елдерден Қазақстанға 7 мыңнан астам құжат әкелді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Оралов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ғылыми-реставрациялық жұмыстар мен археологиялық зерттеулердің үздіксіз жүргізілуінің арқасында музей қорлары тұрақты түрде жаңа экспонаттармен толығып келеді. Мысалы, былтырдың өзінде 18 археологиялық зерттеу жасалған, 30-ға жуық ескерткіш қайта жөнделді. Оған қоса, архившілер тарихи құжаттарды түгендеу мақсатымен өткен жылы елімізге 7 мыңнан астам құжатты шет елдерден әкелді. Ол құжаттарда арғы-бергі тарихымыздан сыр шертетін құнды деректер жеткілікті екені анық», — деп тоқталды Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики