Бумеранг

19 ақпан 2016, 20:05

Неге екенін қайдам, біздің үлкенді-кішілі әкімдеріміздің тұрғындар алдында жыл сайынғы есеп беруі менің есіме бумерангті түсіреді.

Мысалы, өткен аптада Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков, кеше Алматы облысының әкімі Амандық Баталов оңтүстік тұрғындарының алдында жылдық есебін берді. Әкім болған соң аймағының халқына жақын болып, барды-жоқты түгендеп отырғаны да дұрыс. Бірақ осынау есеп берудің бумерангке ұқсас бір қызығы, қарап отырсам, мынада екен: мәселен, биыл есеп берген әкімнің былтырғы, тіпті одан арғы жылғы есебін ашып қалсаң, бәрі құдды бір инкубатордан шыққандай бірінен-бірі айнымайды-ау, айнымайды. Ақ қағаз бетіндегі батыл баяндаманың көпшілігі бұрнағы жылғы «інішектерін» сөзбе-сөз қайталайды. Өзгергені – құмырсқадай қаптаған түсініксіз көрсеткіш қана. Рас, нөлдері көп небір цифрлар мен «ана мәселе пәлен пайызға, мына мәселе түген пайызға өсіп жатыр» деген ресми мәліметтер көңілге қуаныш ұялатқанымен, олардың дұрыс, я бұрыс екенін тыңдап отырған тұрғын тіпті де түсінбейді.
Цифрдан өзге де бумеранг жетерлік. Мысалы, Амандық Баталов биылғы кездесуінде: «Бір жарым жыл болды аудан әкімдеріне айтқаныма. Кейбіреулері істейді. Кейбіреулері жәйдан-жәй қарап жүреді. Неге ондай болу керек? Жерді бөліп, инвесторларды шақырып, сол жерге көмек көрсетпегеннің арқасында салық түсімі, инвестиция көрсеткіштерінің бәрі төмен. Біз қарап отырмаймыз. Ол істемесе, басқа адам істейді. Шара қолданамыз» – деді.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов та кеше тұрғындар алдында жылдық есебін жасады. Шынын айту керек, әкімге жүздесуге кіре алмай қалғандар баршылық. Біздің шымкенттік әріптесіміз Замира Пірназарова да белгіленген уақытынан ерте келіп тұрып, кіре алмай қалыпты.
Әкім өз баяндамасында мұғалімдер мәртебесін көтеру туралы жап-жақсы ұсыныстар айтқанымен, соңғы жылдары жергілікті тұрғындардың «бас ауруына» айналып, әкімдік тарапынан шешуі қолға алынады деп көптен күтілген Шымкент қаласындағы үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесі мүлде көтерілмеген. Ал қаладағы 126 мектептің жетеуі үш ауысыммен бала оқытып жатыр. Бұл енді өз алдына бөлек әңгіме.
Осы жерде айта кетпеуге болмайтын тағы бір мәселе – соңғы жылдары әкімдердің халыққа есеп беруі өзі-өзі «жарнамалау жарысына» айналды. Әкімдердің есеп беруі қалай басталады, солай әлеуметтік желіде әкімнің кеңесшісі мен баспасөз хатшысының қанатты жазбалары толып кетеді. Қанша ауылға газ келді, құбыр тартылды, жол салынды деген жағымды жаңалықты жеткізсе қанекей?!
2

Марат 

МАДАЛИМОВ

06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?
06 желтоқсан, 11:27
ОПЕК+ елдері 2026 жылға дейін мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісті
04 желтоқсан, 15:39
Қазақша сөйлесең, кибералаяқ қашып кетеді
03 желтоқсан, 14:17
Мектепте ақша жинау мәселесіне Ғани Бейсембаев нүкте қойды
26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус