jasqazaq.kz

ҰБТ сұрақтарында Баян Мақсатқызы не істеп жүр, Сағадиев мырза?

02 наурыз 2017, 13:15

Біздің білім және ғылым министрлігі «бүйректен сирақ шығаруға» шебер-ақ! Енді түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін Ермек Тұрсыновтың әрбір сұхбатын оқуға, Баян Есентаева (Мақсатқызы) мен Нұртас Адамбаевтың сыни пікірлерін қалт жібермей қадағалауға тиіс екен.

Қазақстанның ресми бас газеті «Егемен Қазақстан» соңғы уақытта бұқарашыл басылымға айналды. Бұрын-соңды болмаған тың бастама жасап, талапкерлерге арнап, Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтарын жариялап отыратын болды. Газет ішіндегі бұл кітапшадағы сұрақтармен енді мыңдаған талапкер дайындалатын болады.

Бірақ бұл тың бастама екінші жағынан білім және ғылым министрлігінің олқылықтарын да тайға таңба басқандай көз алдымызға әкеле қоятын болды. Мысалы, «Егемен Қазақстанның» 1 наурызындағы санындағы (суреттегі) сұраққа қараңызшы.

Қазақстанның бүкіл баспасөзін жаулап алып, күні-түні ішкен-жегенін жыр қылатын «жұлдыздарымыз» енді ғылыми айналымға ауыз сала бастапты.
Ермек Тұрсынов — режиссер. Бірақ оның туындылары ҰБТ-да сұрақ болатындай деңгейге жеткен жоқ деп ойлаймыз. Ал Баян Мақсатқызы мен Нұрлан Адамбаевқа қатысты жақ ашпауды жөн санаймыз. Біздің балалар олардың туындыларын ғылым деп танитын болса, Қазақстанның болашағының бұлыңғыр екені айдан анық дүние…
ҰБТ-да дәл осындай түсініксіз, һәм күлкілі сұрақтың жүруі біздің білім министрлігінің «білімсіздігін» көрсетеді. Олар енді ҰБТ сұрақтарын газеттердегі сұхбаттар негізінде дайындайтын болған секілді.
Мұндай мазақы істерге қашанғы шыдауға болады? Айтыңызшы, Сағадиев мырза!

Abai.kz

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар